Павлодарда еріншек жүргізуші полицияның назарына түсті

Павлодарда еріншек жүргізуші полицияның назарына түсті
Фото: pexels.com/Sergei Starostin

Ол мүгедектерге арналған тұраққа өз көлігін қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының шеңберінде мыңнан астам жүргізуші тұрақ ережелерін бұзды. Павлодар қаласының полициясына азаматтар автотұрақ ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты шаралар қабылдау туралы жүгінеді. Мұндай бұзушылықтың кезекті фактісі Бекхожин көшесінде тіркелді.

«Chevrole» маркалы автокөліктің жүргізушісі жол белгісінің талабын елемей, өз көлігін мүгедек автомобильдерге арналған жерде қалдырды. Бұл бұзушылықты байқаған қала тұрғындары полицияға қоңырау шалды. 

– Полиция жүргізушіні анықтады. Ер адам тәртіп сақшыларына мүгедектерге арналған тұрақтан басқа орындар бос емес екенін, ал басқа тұраққа баруға ерінгенін айтты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ, жол жүру ережесін сақтау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жыл басынан көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 1 100 жүргізуші жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн.