Павлодарда ер адам жоғалып кетті

Павлодарда ер адам жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол екі күн бұрын хабарыз кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

52 жастағы Бисмельдинов Руслан Шаймұратұлы Жаңа қала ауылының Центральная көшесі, 6 мекенжайында орналасқан үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Бұл жағдай 7 маусым күні сағат 09:00-де болған. «Vita» еріктілері оны әлі таба алмай жүр.

Туыстардың мәліметінше, ер адамның бойы – 176 сантиметр, шашы ағарған, көзі қоңыр, қысқа сақалы бар. Бұл күні ол ақшыл футболка мен қара трико киген.

Еріктілер жоғалғандар туралы мәлімет болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.