Павлодарда «Ertis promenade» сахнасы жаңа маусымын бастады (ВИДЕО)
Бас сахнаның ашылуында елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен павлодарлық өнерпаздардың тамаша кеші болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жыл сайын жазғы маусымда Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары асыға күтетін «Ertis promenade» сахнасының маусымашарында әдеттегідей халық көп болды. Бұл жолы жерлестеріміз асыға күткен әдемі кешке Ерке Есмахан, Райм, Еркеш Хасен сынды жұлдыздар қатысты. Ал кештің жүргізушілері көпке танымал Ғалымжан Кеңшілік пен Айгерім Мұздыбаева болды.
- «Ertis promenade» - теңдесі жоқ жоба. Жергілікті тұрғындаға эстарда жұлдыздары өнер көсететін концерттерді жаз бойы екінің бірі ұйымдастыра бермейді. Менің ойымша керемет дәстүрге айналған жоба. Ауарайы да көңіл күге сәйкес болып тұр,- дейді жүргізуші Ғалымжан Кеңшілік.
Кеш қонағы Еркеш Хасен павлодарлықтардың қонақжайлығын атап өтті.
- Өзім жеке әнші ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Бірақ бұған дейін Alem bend тобымен екі мәрте болып, өнер көрсеткенбіз. Келгелі аяғымыз жерге тиген жоқ. Ең бастысы халықтың көп жиналғаны қуантады. Алдағы уақытта сұраныс болса, көрермендер көргісі келсе, міндетті түрде қайта ораламыз,- дейді әнші Еркеш Хасен.
Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамысова алдағы өткізілетін жобалар жайлы айтты.
- «Ertis promenade» біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Бірнеше жылдар бойы әртістер халықтың көңілінен шығып, қызықты шығармашылық жобаларды, жаңа туындыларды сахнада сомдап жүр. Келесі жұмада өтетін концертте Мирас Жүгінісов болады. Басқа да жұлдыздарымызды шақыру жоспарымызда бар. Концерттерден бөлек, жексенбі сайын таңертең балаларға мультфильм және кешке кинолар көрсетілетін болады,-деді ол.
Еске сала кетейік, бұл жолғы сахнаның маусымашары «Махаббат мекені» деп аталды. Бұл жайлы Алтынбек Рахметов сұхбатында айтып өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram