Павлодарда ет бағасы көрші өңірлерге қарағанда біршама тұрақты

Павлодарда ет бағасы көрші өңірлерге қарағанда біршама тұрақты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір жыл ішінде республика бойынша ет бағасы 11,3 пайызға өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді – 18 пайыз. Ал Павлодар облысында бағаның жылдық өсімі 8,6 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір тек Алматы қаласынан ғана кейін тұр, онда ет бағасы 5,9 пайызға артқан.

Energyprom.kz мәліметі бойынша, ет пен ет өнімдеріне ең көп қаражат жұмсайтын – Маңғыстау облысының тұрғындары: бір отбасыға 233,5 мың теңге. Ең аз шығын – Солтүстік Қазақстан облысында: 92,7 мың теңге.

Бір жыл ішінде сиыр еті мен қой еті орта есеппен 16 пайыздан астам қымбаттаса, жылқы етінің бағасы 5,5 пайызға өсті.

2025 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың ет пен ет өнімдерін тұтынуы бір адамға шаққанда орта есеппен 20,6 кг болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға артық.

Алайда, ең танымал ет түрі – сиыр етіне деген сұраныс үш пайызға төмендеген – адам басына алты килограмм. Сонымен қатар, қой еті мен шошқа етіне деген тұтыну азайған, бірақ жылқы еті мен тауық етіне деген сұраныс артқан.