Павлодарда этномәдени бірлестіктер арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

Павлодарда этномәдени бірлестіктер арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

Фестивальдің мақсаты – жас буынның бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, рухани бірлік идеясы мен этносаралық келісімді танымалдату, жастардың достығы мен ауызбіршілігін нығайту болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Достық үйінде Қазақстан Республикасы күніне арналған XХІІІ облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар бірлестіктері арасындағы мемлекеттік тілдегі «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан!» - «Пою тебе, мой Казахстан!» патриоттық әндер фестивалі өтті. Этномәдени бірлестіктердің жастар вокалдық ұжымдары фестивальдің қатысушылары болып табылады. 10 шығармашылық ұжымнан мемлекеттік тілдегі патриоттылық бағытындағы бір вокалдық туынды ұсынылды.

Іс-шарада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Павлодар облысының атынан жоғары абройымен қатысып, халықаралық КИНЭС Қазақстан рекортдтар кітабына енген «Аламан құрағы» туындысын жасаған 30 қолөнерші алғыс хаттармен марапатталады.

Бұдан бөлек, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар этномәдени бірлестіктеріне Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков бастамасымен жастар саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде шағын гранттар берілді.