Павлодарда көрші мемлекетте кісі өлтірген қылмыскер ұсталды

Павлодарда көрші мемлекетте кісі өлтірген қылмыскер ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қамауға алынған шетелдікті елден шығару туралы мәселесі шешілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарлық жедел уәкілдері республикалық «Іздестіру» жедел – профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижесінде көршілес мемлекеттердің әріптестерімен бірлесіп, 15 қылмыскерді ұстады.

– Облыс орталығында көрші мемлекетте ауыр қылмыс жасаған, атап айтқанда, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Сондай-ақ, Павлодар қаласы мен Қарағанды облысының аумағында хабар-ошарсыз кеткен екі азаматтың орналасқан жері анықталды, – деді облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Бұдан бөлек, Германияның Нюрнберг қаласында 43 жастағы іздеуде жүрген қылмыскер анықталды. Ер адам Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін сот төрелігінен жасырынған. Осыған ұқсас қылмысы үшін көрші мемлекеттің Екатеринбург қаласында 25 жастағы іздеуде жүрген адам ұсталды. Ұсталғандар қамауда. Экстрадициялау мәселесі шешілуде. 

Айта кету керек, ішкі істер органдарының іздестіру жұмыстары жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етеді.