Павлодарда лабрадор Блонди погондағы ханымдарға гүл сыйлады

Тәртіп сақшылары өздерінің әдемі әріптестерін 8 наурыз мерекесімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Төрт аяқты «джентльмен» арнайы команда бойынша погондағы  ханымдарға гүлдермен келді. 

Мұндай ерекше құттықтауға қыз-келіншектер қатты қуанды. Бонус ретінде қызметкерлер онымен бірге суретке түсті, – дейді облыстық полиция департаментінде.  

Блонди сегіз жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етеді, оқиға орнында иісті индификациялау бойынша өз ісінің маманы. Көру, есту, физикалық күш, төзімділік және қорғаныс реакциялары жақсы дамыған.