Павлодарда мәдениеттану пәнінің үздік студенттері бас қосты

Павлодарда мәдениеттану пәнінің үздік студенттері бас қосты
Суретті университеттің баспасөз қызметі ұсынды

ҚР ЖОО-ның 12 білім алушы бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Торайғыров университетінде ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында мәдениеттану пәні бойынша «PostHumanum: болашақ мәдениеттануы» атты ХVII республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті.

– Олимпиадаға ҚР ЖОО-ның 12 білім алушысы қатысты, – дейді университеттің баспасөз қызметі.

Олимпиада барысында студенттер цифрландыру, жасанды интеллект, мәдениетаралық коммуникациялар, ақпараттық қоғам сияқты салаларда өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. ЖИ қолданудың этикалық аспектілеріне, цифрлық технологиялардың қоғам өміріне әсері, оның құндылық бағдарлары, мәдениетаралық өзара іс-қимылдың жаңа бағдарларына қатысты мәселелер белсенді түрде талқыланды.

Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Доминант» командасы, екінші орынды Торайғыров университетінің «ZamanAI» командасы, сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Интеллект» командасы, ал үшінші орынды Торайғыров университетінің «Ascend» командасы иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және Алғыс хаттармен марапатталды.