Павлодарда мерекелік жәрмеңкеге аудандардан сапалы өнімдер әкелінеді

Павлодарда мерекелік жәрмеңкеге аудандардан сапалы өнімдер әкелінеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бағалар нарықтағыдан 15–20 пайызға төмен болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

25 қазанда Торговая көшесі, 2А ғимараты мекенжайында Республика күніне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара облыстың фермерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бір алаңға жинап, қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынуды мақсат етеді.

Жәрмеңкеге Тереңкөл, Аққулы, Ертіс, Успен, Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен жергілікті тауар өндірушілері қатысады. Ұсынылатын өнімдер қатарында барлық түрдегі ет, шикі сүт, жұмыртқа, картоп, сәбіз, көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал және басқа да әлеуметтік бағадағы өнімдер бар.

Сонымен қатар, 26 қазанда сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Павлодар қаласының алты шағын ауданы – Достық, Усолка, Химқалашық, Ласточка, Диспетчерский, Екінші Павлодарда жылжымалы жәрмеңкелер өтеді.

Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының арзандатылған өнімдері, соның ішінде негізгі көкөністер — картоп, сәбіз, пияз және орамжапырақ ұсынылады. Сондай-ақ тұрғындар әлеуметтік бағамен ет, шикі сүт, сүт өнімдері, шұжық өнімдері, құс еті және бал сатып ала алады.

Осыған ұқсас жәрмеңкелер Екібастұз қаласында «Халық» базарында, Ақсу қаласында «Сарыарқа» фермерлік базарында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.