Павлодарда Нұрғиса Тілендиевтің үздік туындылары орындалады

Павлодарда Нұрғиса Тілендиевтің үздік туындылары орындалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында ән мен күйге толы ерекше музыкалық кеш өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, «Өз елім» концерті – туған жерге деген шынайы махаббаттың аңсауы, адамды шабыттандырып, рухтандыратын мәңгілік музыкамен қауышу.

Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған кеште оның ең үздік туындылары орындалады: «Саржайлау», «Туған жер», «Бауырлаштарым», «Есіңе мені алғайсың», «Көш керуен», «Әкеме», «Өз елім», «Махамбет», «Құстар әні» және Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық мақтаныш рухына толы басқа да танымал композициялар.

– Бұл әуендерде  ұшы-қиыры жоқ дала тынысы, домбыра мен қобыздың үндері, қазақтың жан дүниесінің қуаты мен нәзіктігі баяндалады. Кеште «Алатау», «Ататолғау», «Әлқисса», «Табиғат сазы» сияқты монументалды аспаптық туындыларға да ерекше орын беріледі. Бұл шығармаларда оркестр Нұрғиса Тілендиев музыкалық әлемінің кеңдігін, болмысын және ұлылығын жарқын жеткізеді, – деп атап өтті И.Байзақов атындағы облыстық филармонияда.

Оркестрдің жанды сүйемелдеуімен Қазақстанның мәдениет үздіктері Нұржан Сарқамбаев пен Серік Рысбек, филармонияның жетекші солистері – Жібек Айтбаева және Мадияр Бахтияров, баритондар Алижан Қазбеков пен Алмас Мұқатай ән орындайды. Бағдарламаның ең жас қатысушысы – Манар Асылым да өз өнерін ұсынады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Талғат Кәрімов жетекшілік ететін Р.Омаров атындағы оркестр – Павлодар филармониясының мақтанышы. Ұжым ұлттық мұраны сақтап, қазақ музыкасының байлығын үлкен сахнада батыл ашып, әр буын тыңдаушылар мен музыканттарды біріктіріп келеді.