Павлодарда үстел теннисінен үздік аудандар анықталды

Павлодарда үстел теннисінен үздік аудандар анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «JENIMPAZ» үстел теннисі орталығында үстел теннисінен өткен спартакиада жарысына үш қала мен он екі ауданның спортшылары қатысты.

–  Өңірімізден барлығы 60 спортшы сайысқа түсті, – дейді бұқаралық дене-тәрбиесі жұмысы бөлімінің бас маманы Венера Сабикова.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының командалары дөңгелек жүйемен бір шеңберде ойнады. Аудандық командалар жеребе бойынша үш топқа бөлініп, кіші топтарда командалар бір айналымға шықты. Кіші топтарда 1-орын алған командалар 1-3-орын үшін айналмалы жүйеде бақ сынады. 2-орын алған командалар 4-6 орын үшін айналмалы жүйеде ойнап, жеңімпаздар анықталды.

Жарыс қортындысы бойынша бірінші орынды Павлодар ауданы қанжығаға байлады. Екінші орынды Ақтоғай ауданы иеленсе, үшінші орынды Аққулы ауданының спортшыларыеншіледі.