Павлодарда оннан астам шағын сквер пайдалануға беріледі

Павлодарда оннан астам шағын сквер пайдалануға беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында мәлімдегендей, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бастап Павлодар қаласында шағын скверлерді салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

– Бұл жоба алғашқы күннен-ақ тұрғындар тарапынан кең қолдау тауып, оң пікірлерге ие болды. Бүгінде шағын скверлер қала тұрғындары үшін үй маңында демалуға қолайлы, жайлы қоғамдық кеңістікке айналып отыр, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Әкімнің айтуынша, биыл павлодарлықтардың өтініштері негізінде жаңа шағын демалыс орындарын салу жоспарланған. 

– Қазіргі таңда екі нысан толық дайын, қалған учаскелерде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы, маусым айының соңына дейін 15 шағын скверді пайдалануға беру көзделіп отыр, – деді Хасар Хабылбеков.

Әкім атап өткендей, әрбір аумақта жарықтандыру жүйесі орнатылып, тұрғындардың жайлы демалысы үшін арнайы көлеңкелік қалқалар қарастырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)