Павлодарда орыс халық аспаптарының ансамблі музыкалық кеш өткізеді

Павлодарда орыс халық аспаптарының ансамблі музыкалық кеш өткізеді
Фото:

«Лад» ансамблі биыл 10 жылдық мерейтойын тойлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның мәлімдеуінше, «Лад» орыс халық аспаптарының ансамблі – бұл сахнаға алғаш қадам басқаннан бері ең ерекше шығармашылық жобаларын іске асырып, дамып келе жатқан мамандардың үлкен және тату ұжымы.

Ансамбль өзінің мерейтойына орай бай концерттік бағдарлама дайындады:

  • көрермендер үшін алғаш рет Сара Садығұлованың орындауындағы Наум Шафердің «Кешкі вальсі»;
  • Берік Жұпашев пен Артер Александровтың аранжировкасындағы «Япурай» қазақ халық әні тақырыбындағы қиял;
  • Руслан Аллахвердиев пен Борис Перепелицыдың аранжировкасындағы «Умка» мультфильмінен «Аюдың бесік жыры» әнінің жаңа оқылымы шырқалады.

– «Лад» ансамблінің 10 жылдығына арналған «Мерейтойды бірге тойлаймыз» кешінде халықаралық және республикалық фестивальдар мен конкурстардың лауреаттары, дарынды вокалистер, виртуозды музыканттар, филармония би ұжымдарының тамаша әртістері өнер көрсетеді, – делінген хабарламада.

Кеш қонақтары – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Дамир Сұлтанов, Юлия Захарчук және «Шекарасыз Театр», «Поречье» фольклорлық студиясы және тағы басқалары.

– Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары! Сізді жағымды эмоцияларға толы ұмытылмас кеш күтеді! – дейді ұйымдастырушылар.

Концерт 15 наурыз күні сағат 19:00-де Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік залында өтеді.

Билеттерді филармонияның кассасында немесе Ticketon.kz онлайн-сервисінен сатып алуға болады.

Байланыс телефоны: +7(7182)22-80-87, +7(775)593-08-57.