Павлодарда Отырар мен Әл-Фараби тақырыбында графикалық суреттер көрсетіледі

Павлодарда Отырар мен Әл-Фараби тақырыбында графикалық суреттер көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Виктор Поликарповтың «Идущему на Восток. Записки художника» атты кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Өтетін күні мен орны: 2025 жылдың 29 сәуірі күні, сағат 15:00-де С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кіші залы.

Виктор Поликарпов – Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы өнер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар қаласы мен облысының Құрметті азаматы.

График-суретші Виктор Поликарповтың жаңа кітабының таныстырылымы  өскелең ұрпақ үшін мәдени және көркем мұраны сақтаудың маңыздылығын дәріптейді және белгілі тұлғалар мен оқиғалар аясындағы байланыс негізгінде сол кезеңдердің тынысын сезінуге айрықша мүмкіндік береді.  Шара барысында автормен тікелей сұхбат құру мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар, өмірі мен шығармашылығы туралы слайд-презентация баяндалады. Іс-шараның маңызды бөлігі – Виктор Поликарповтың Отырар мен Әл-Фараби тақырыбындағы графикалық суреттер көрмесі.

Келушілер таныстырылым аясында кітап авторы, суретші Виктор Поликарпов және кіріспе мақаланың авторы, журналист Юрий Поминовпен еркін сұхбат құрып, шығармашылығы мен зерттеулері туралы құнды мәлімет ала алады.

Аталмыш еңбек 1970-1971 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Отырар қалашығында жүргізілген экспедицияның ең қызықты әрі маңызды сәттерін сипаттайды. Сонымен қатар, ғылыми экспедиция барысында табылған құнды жәдігерлер, аймақтың табиғи-ландшафтық ерекшеліктері, сәулет және археологиялық ескерткіштері, көне Шығыстың қасиетті орындары мен белгілі тарихи оқиғалармен байланысты киелі мекендер туралы баяндалады.