Павлодарда пәтер иесі сапасыз жөндеу жұмыстары үшін миллион теңгесін қайтарды
Іс сотқа дейін жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Күнделікті өмірде тұтынушылар ақауы бар тауарлардан бас тарту, олардың алғашқы сипаттамасына сәйкес келмеуі, сатушы туралы ақпараттың болмауы және ақшаны қайтару жолындағы қиындықтармен бетпе-бет кездеседі.
– Былтыр өңірде бөлшек, электрондық сауда, сонымен қатар тұрмыстық қызметтер бойынша өтініштер жиі түсті. Мысалы, тұрмыстық қызметтер саласында 307 өтініш тіркелді. Әртүрлі жағдайлармен жүгінеді, оның ішінде жиһаздың сапасыз өндірісі, пластикалық терезелер, есіктерді орнату кезіндегі кемшіліктер бар, – дейді облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының м. а. Нұрсұлу Әубәкірова.
Департамент тұтынушыға жазбаша шағым жазуға көмектеседі. Тұрғын осы шағыммен орындаушыға жүгінген кезде мәселе алғашқы сатыда шешіледі. Алайда кей кезде келіспеушілік туындап, жағдай оңай шешіле бермейді.
– Бір адам пәтерін жөндегісі келіп, қызметкерлерді жалдаған. Олар бір миллион теңгеден астам сомаға шарт жасасты. Келісімде төбе жөндеу, қабырғаларды тегістеуі және басқа да жөндеу жұмыстары жазылды. Орындаушылар жөндеу жұмыстарын бастап, бірақ соңына дейін жеткізбей, сапасыз істеген. Мерзімі де шыққаннан кейін, тұтынушы сотқа жүгінді. Біз үшінші тарап ретінде іс процесінде болдық. Нәтижесінде тұтынушы жұмсаған қаражат толығымен қайтарылды, – деді Нұрсұлу Әубәкірова.
Айта кетейік, былтыр 20 тұтынушы сапасыз қызмет көрсету, тауар үшін сотқа жүгінді.