Павлодарда салынып жатқан көпір аумағында өрт шықты

Павлодарда салынып жатқан көпір аумағында өрт шықты
Фото: ТЖД

Оқиға орнына жедел түрде Павлодар облысы ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «101» пультіне салынып жатқан көпір аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.

Құтқарушылар келген кезде жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларының жанғаны анықталды.

– Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында тілсіз жау қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді, – деді департаментте. 

Соның нәтижесінде өрттің көпірдің барлық құрылымына таралуына жол берілген жоқ.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.