Павлодарда сегіз бағдаршам орнатылады

Павлодарда сегіз бағдаршам орнатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен жылы бағдаршам орнату жоспары асыра орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылдың тамыз айында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков қала бойынша 11 бағдаршам орнатылады деп уәде берген болатын.

– Ломов (ИнЕУ), Ак. Шөкин (№22 орта мектеп), Қамзин (№21 орта мектеп), Баян батыр («Сапсан» қонақ үй кешені), Циолковский – Малая Обьездная, Баян батыр – №1 жолы, Бекхожин – Бәкіров, Бекхожин-Ткачев, Естай-Бекмаханов, Катаев-Гагарин және Ломов-Павлов көшелерінде бағдаршам пайда болады, – деді әкім.

Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі әкімінің барлық тапсырмаларын орындап, қала бойынша бағдаршамдарға қосымша белгілер орнатты.

– Назарбаев-Шөкин және Назарбаев-Толстой көшелеріне де жаяу жүргіншілер бағдаршамы орнатылды. Назарбаев-Жаяу Мұса мен Сәтбаев-Естай арасында жебе белгілері пайда болды. Астана-Толстой және Катаев-Ломов бағытындағы шамдар ауыстырылды. Қамзин-Бекмаханов және Қамзин-Амангелді көшелеріне жаяу жүргіншілер бағдаршамы орнаттық. Сондай-ақ Назарбаев даңғылы бойында «Стоматология» мен №24 орта мектепте қоңырау түймелерін орнатқан болатынбыз, – деп қосты қала әкімдігінде.

2025 жылға қарай келесі аудандарда сегіз бағдаршам орнату жоспарлануда:

  • Сұрағанов – Аймауытов –Лермонтов көшелері;
  • Циолковский – Катаев көшелері;
  • Амангелді – Мәшһүр Жүсіп көшелері;
  • Геринг – Жібек-Жолы көшелері;
  • Баян батыр көшесі – Омар аль-Фарух мешіті;
  • Астана – Шөкин көшелері;
  • Павлов – Шөкин көшелері;
  • «Реченька» бау шаруашылығы.

Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдаршам орнатуға полиция қызметкерлері тапсырма беріп, кейін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Құжаттар мемлекеттік сараптамадан оң баға алғаннан кейін ғана тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бағдаршам орнатуға кіріседі.