Павлодарда Шәкен Аймановтың туындыларынан апталық кино-көрсетілім өтеді
Кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, қазақтың әйгілі актері, режиссері Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында кино-көрсетілім ұйымдастырылады.
15 ақпан сағат 11:00-де – «Алдар көсе»
16 ақпан сағат 15:00-де – «Жамбыл»
17 ақпан сағат 11:00-де – «Ангел в тюбетейке»
18 ақпан сағат 11:00-де – «Наш милый доктор»
20 ақпан 15:00-де – «Мы здесь живем»
23 ақпан 15:00-де – «Дала қызы»
27 ақпан 15:00-де – «Песня зовет»
1 наурыз сағат 15:00-де – «Земля отцов»
Еске сала кетейік, 15 ақпанда сағат 15:00-де «Ertis» мұражайында «Қазақ киносының саңлағы» атты Ш.Аймановтың 110 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Режиссердің жеке заттары көрмеге қойылады.