Павлодарда шетелдік шебердің көрмесі ашылады

Көрме Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Адам - табиғат. Павлодар-Париж» атты көрменің ашылу салтанаты 24 шілде сағат 16:00-де өтеді. Павлодарлықтардың назарына Аннабель Нойфельдтің графика, инсталляция жанрындағы жұмыстары көрсетіледі.
Іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Музей қызметкерлерінің сөзінше, өнер ордасы ұлттық-мәдени орталықтармен ынтымақтастығын жалғыстыра отырып, түрлі ұлт өкілдері суретшілерінің көрмелерін өткізуді жоспарлап жатыр.
Айта кетейік, көрме авторы жастайынан Павлодарда өскен. Ол қаламыздағы сурет мектебін бітіріп, тұлға және суретші ретінде қалыптасты. Қазіргі кезде Аннабель «Paris College of Art» университетінде білім алып жатыр.
Ислам Достов