Павлодарда сумен жабдықтау желілерінің тозуы қалай азайтылуда?

Облыс орталығындағы су желілерінің басым бөлігі 1960–1970 жылдары салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» кәсіпорны мамандарының айтуынша, қаланың коммуналдық су желілері шұғыл жаңартуды қажет етеді. Биыл тозу көрсеткішін азайту мақсатында жөндеу және құрылыс жұмыстарына 4,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.
Жарты жыл ішінде жұмыстардың шамамен 63 пайызы аяқталды. Компания өкілдерінің айтуынша, жобалар басым бағыттар бойынша әзірленген: жаңа су және кәріз желілерін салу, өндірістік жабдықтар мен сантехниканы жаңарту және модернизациялау, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияны бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу.
Облыс орталығындағы су және кәріз желілерінің басым бөлігін пайдалануға беру қайта жаңартусыз мүмкін емес, себебі тозу көрсеткіші жоғары. Апаттар жиі кездесетін учаскелердегі желілерге күрделі жөндеу жүргізілуде.
Кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметі басшысының орынбасары Валерий Рудницкийдің айтуынша, Назарбаев даңғылы бойындағы №15 үйден Сұрағанов көшесіне дейінгі су құбыры 1967 жылы салынған және көптен бері апатты жағдайда болған.
– Бұған дейін оннан астам апатты жойдық. Шаруашылық-ауыз су құбырының диаметрі – 255 миллиметр, ұзындығы – 130 метр. Жұмыстар өткен жылы басталды, нысан пайдалануға берілді. Жаңа құбыр берік материалдан жасалған, бұрын шойын құбыр қолданылған. Төмен қысымды полиэтиленнен жасалған желі жарты ғасыр қызмет етеді деп күтілуде, – деді Валерий Рудницкий.
Ал Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының Толстой көшесінен басталатын аулаішілік учаскесінде шаруашылық-ауыз су құбыры салынуда. Құбырдың 300 метрден астам бөлігі төселді, бүгінде жұмыстардың 63 пайызы аяқталды.
Маңызды нысандардың бірі – Баймолдин көшесінен Радищев көшесіне дейінгі кәріз желісі. Ескі желі қатты тозған, әсіресе Зеленстрой шағын ауданы қосылғаннан кейін қолданыстағы коллекторларды шамадан тыс жүктей бастады. Жаңа желіні салу туралы шешім қабылданды. Құбыр диаметрі 200 миллиметрден 355 миллиметрге дейін ұлғайтылды. Осылайша, 1976 жылдан бері пайдаланылған коллектор ауыстырылды, бұл мақсатқа 149 миллион теңге бөлінді.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС директорының орынбасары Валерий Филяевтің айтуынша, жөндеу жұмыстарының арқасында су желілерінің тозу деңгейін жыл сайын орта есеппен 2–3 пайызға төмендетуге болады.
– Қала бойынша бұл көрсеткіш әлі де жоғары: кәріз желілері бойынша – шамамен 80, су құбырлары бойынша – шамамен 60 пайыз. Инвестициялық жобалар тозуды азайтуға және қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Бір жылдық және екі жылдық жобалар бар. Біз инвестициялық бағдарламаға ең апатты нысандарды енгіздік. Тұрғындардың өтініштері мен желілердің жағдайын мониторингтеу нәтижелері бойынша осындай шешім қабылданды. Тиімділігі айқын. Бұрын ескі желілерге қосылған шағын аудандарда жиі апаттар орын алатын, қазір бұл мәселе толық шешілді. Су желілері бойынша да солай. Біз болат құбырлардан арылып, оларды заманауи сапалы материалдармен алмастырып жатырмыз. Жаңа құбырлар ұзақ мерзімді, өткізу қабілеті жоғары және қабырғаларында шөгінділер жиналмайды, – деді Валерий Филяев.
Қазір кәсіпорын мамандары 2026–2030 жылдарға арналған жобалар әзірленуде. Жоспарда инженерлік инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғыртуды жалғастыру бар.
Компания өкілдерінің пікірінше, облыс орталығындағы су және кәріз қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф жөндеу шығындарын толық өтемейді. «Павлодар-Водоканал» өкілдері қызмет бағасы әлдеқайда жоғары өзге елдердің тәжірибесін зерттеді. Дегенмен, монополистер тарифті көтеру мәселесін әзірге қарарстырып жатқан жоқ. Компания өкілдерінің пікірінше, облыс орталығындағы су және кәріз қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф жөндеу шығындарын толық өтемейді. «Павлодар-Водоканал» өкілдері қызмет бағасы әлдеқайда жоғары өзге елдердің тәжірибесін зерттеді. Дегенмен, монополистер тарифті көтеру мәселесін әзірге қарарстырып жатқан жоқ.