Павлодарда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» көрмесі ашылды
Тәуелсіздік күніне орай «Ertis» музейінде 16 желтоқсанның тарихын баяндайтын құжаттар мен суреттер орналастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты көрменің қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің маңызды кезеңдеріне арналып, ұйымдастырылған.
Экспозицияда сирек кездесетін архивтік құжаттар, батырлардың портреттері және тәуелсіздік символдарына арналған бірегей басылымдар ұсынылған.
Бұдан бөлек желтоқсанның басында «Ertis» мұражайында «Менің Отаным– Қазақстан» деген көрме ашылды. Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 20 жұмысы экспозицияға енді. Кенепте, папье-машеде және сыммен, акрилмен табиғат, адамдардың портреттері ұлттық стилінде орындалған натюрморттар көрсетілді. Суреттер аралас техникада жасалған көлемді стильдендірілген фигуралармен қатар орналасқан.
Ұсынылған картиналардың тақырыбы құндылықтар мен мәдени мұрамен тікелей байланысты. Мысалы, табиғатқа арналған жұмыстар туған өлкенің ұлылығы мен алуан түрлілігін білдіреді. Жұмыстар арасында шексіз даладан тау шыңдары мен тыныш өзен пейзаждарына дейін көруге болады. Қазақ ұлттық стиліндегі натюрморттар дәстүрлердің байлығын көрсетеді.
Көрмеге қойылған адамдардың портреттері қазақ халқының мінезі мен күші туралы баяндайды. Бұл картиналарда біз еңбекқорлықты, батылдықты, даналық пен қонақжайлылықты, яғни ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиеттерді көреміз.
Сәндік-қолданбалы жұмыстардың ішінде ежелгі петроглифтерге – үңгір суреттеріне ұқсайтын көлемді стильдендірілген фигуралар бар. Олар тарихи жадты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, уақыт пен мәдениеттің байланысын бейнелейді. Бұл туындылар көрмені безендіріп қана қоймайды, олар біздің тамырымыз туралы, мәдениетімізді бірегей және құнды ететін нәрселер туралы ойлауға шақырады.
Көрме мұражайда желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады.