Павлодарда түйе балуандар белдеседі
Дүбірлі дода 20 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 маусым күні сағат 10:00-де жаңа ипподромның салтанатты ашылуына орай «ERTIS-BAYAN CUP» бәйгесі ұйымдастырылады.
Көрермендерді ұлттық спорттың тартысты бәсекелері — бәйгелер мен түйе балуандар бәсекесі күтіп тұр. Абсолютті салмақ дәрежесіндегі қазақ күресі додасында еліміздің ең мықты балуандары бас қосып, бас жүлде үшін белдеседі.
Турнирдің жүлде қоры да қомақты.
І орын — автокөлік;
ІІ орын — 2 миллион теңге;
ІІІ орын — 1 миллион теңге.
— «ERTIS-BAYAN CUP» — бұл жай ғана жарыс емес. Бұл — ұлттық рухты асқақтататын, күш пен қайратты, ерлік пен дәстүрді ұлықтайтын үлкен мереке, - делінген хабарламада.
Жарыс қатысушыларына қолдау білдіріп, тарихи оқиғаның куәсі болуға асығыңыздар.
Дүбірлі дода Павлодар қаласының жаңа ипподромында өтеді.