Павлодарда ветеринарлар мен агрономдарға гранттар тағайындады
Александр Поляковтың атындағы білім беру гранттарын жастарға оның ұлы тапсырды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
ТоU баспасөз қызметінің мәліметінше, Торайғыров университетінің делегациясы аграрлық білім және ғылым саласындағы серіктесі – Шарбақты ауданының «Победа» ЖШС-не барды.
ЖОО мен серіктестік арасындағы ынтымақтастық 2019 жылы сол кезде директор болған Александр Поляковтың көмегімен басталған. Кәсіпорын базасында ауыл шаруашылығы мамандықтары студенттеріне жыл бойы дуальды білім беретін оқу орталығы құрылды. Бүгінде бұл ынтымақтастықты оның ұлы Владимир Поляков жалғастыруда. Ол әкесінің атына білім беру гранттарын тағайындады және оларды ветеринарлық медицина және агрономия мамандықтарының студенттеріне тапсырды.
ЖОО ректоры Еркін Садықов оқу орны «Победа» ЖШС-мен ынтымақтастықтың жаңа сатысына көшкенін атап өтті.
– Біз экономиканың нақты секторының қатысуымен өңірлік жоғары оқу орындары базасында тұтас инновациялық экожүйе құрғымыз келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты. Шын мәнінде біздің оқу-өндірістік орталығымыз ғалымдар мен өндірушілердің өзара іс-қимылының үлгісі болады. Біз студенттерді тағылымдамадан өткізіп қана қоймай, ғылыми әзірлемелермен де айналыса аламыз. Мұның бәрі жоғары білім беру жүйесіне және отандық агроөнеркәсіпке пайдасын тигізеді, – деді Еркін Садықов.
Білім беру гранттарын алған студенттер шаруашылық базасында тәжірибеден өткеннен кейін сол жерде жұмысқа орналасады.
Александр Поляков 2022 жылы қайтыс болды. Ол көптеген жылдар бойы Шарбақты ауданы Орловка ауылындағы «Победа» ЖШС шаруашылығын басқарды. Шаруалар мен олардың отбасыларына жағдай жасады: тұрғын үй салып, ауылды абаттандыруға зор үлес қоқсан. Өндіріс көлемін арттырып, ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі ұлғайтты.