Павлодарда «Винтаж» бен Hi-Fi өнер көрсетеді

Павлодарда «Винтаж» бен Hi-Fi өнер көрсетеді
Фото: Ольга Бугаева

Көрермендерді ностальгияға толы музыкалық кеш күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

8 тамызда Павлодарда алғаш рет ретро-фестиваль ұйымдастырылады. Сахна төрінде Hi-Fi тобы, Өктем Алтаев, «Винтаж» тобы және швециялық әнші Bosson өнер көрсетеді.

Кеш барысында бірнеше буынның сүйікті хиттері шырқалып, жиналған қауым өткен жылдардың ерекше атмосферасына бөленеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара сағыныш пен қуанышқа толы, есте қаларлық музыкалық мерекеге айналмақ.

Павлодар тұрғындары мен қала қонақтары ретро әуендердің ерекше көңіл күйін бірге сезініп, айтулы музыкалық кештің куәсі болуға шақырылады. Фестиваль 8 тамыз күні сағат 19:00-де Ertis Promenade алаңында өтеді.