Павлодарда «Volunteer experience» байқауы басталды
Онда еріктілер ұйымы мен бастамашыл топтар арасында шағын гранттар сарапқа салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәлімдеуінше, жеңімпаздардың өз жобаларын іске асыруы үшін 500 000 теңге ұтып алуға мүмкіндігі бар.
- Павлодар қаласының еріктілер ұйымы мен бастамашыл топтар арасында Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімімен «Volunteer experience» шағын гранттары байқауды басталды, - делінген хабарламада.
Өтінімдер 5 бағыт бойынша қабылданады:
1. «Әділет» - құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жастарды қатыстыру бойынша іс-шараларды өткізу, қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру;
2. «Qamqor» - қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау таныту, жалғыз тұратын және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету бағыты;
3. «Жеңімаз» - мемлекеттік жастар саясатын алға жылжыту, жастар бастамаларын айқындау және қолдау, жас көшбасшылар клубын ұйымдастыру;
4. «Таза қала» - экологиялық бағыт;
5. «Ерке Ертістің жағасында» - қаланың имиджін құру және нығайту, қала туралы қызықты фактілерді және айдарларды жарықтандыруға дағдыланған ақпараттық түсіндіру жұмыстарына инстаграм, тик-ток және тағы басқа мессенджерлер интернет-қорларын пайдалана отырып, ақпараттық алаңды құрастыруға жастарды қатыстыру бағыты.
Айта кетелік, өтінімдер 24 мамырға дейін қабылданады. Жеңімпаздарды 500 000 теңгелік грант күтуде.
Толық ақпаратты инстаграм желісіндегі @kenzhekolzhastary парақшасынан және WhatsApp +7 705 768 18 50 нөмерінен алуға болады.