Павлодарда зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жол жүреді

Павлодарда зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жол жүреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мерекеге байланысты қоғамдық көлікпен тегін қатынауға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 1 қазанда Халықаралық Қарттар күнін мерекелеуге байланысты қоғамдық көлікте жасына байланысты зейнеткерлер үшін тегін жол жүру ұйымдастырылады.