Павлодарда жылу желісіндегі ақаудың салдарынан бес үй жылусыз қалды
Зақымдануды кешке дейін жояды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, Торайғыров көшесіндегі жылу желісінде ақау шыққан. «Павлодар жылу желілері» ЖШС өкілдері және бөлім мамандары зақымдану орнында жұмыс істеп жатыр.
Жылудан келесі үйлер ажыратылды:
Торайғыров көшесі, 52, 54 үйлер;
Ак. Беқтұров 7, 9, 11, 15 үйлер.
Ақау болжамды түрде сағат 19:00-ге дейін жойылады.