Павлодарда жол апатында әйел адам қаза тапты
Ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 наурыз күні сағат 19:58-де жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен.
«Жедел жәрдем бригадасы екі минуттан кейін оқиға орнында болды. 1979 жылы туған адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған ашық бассүйек-ми жарақаты, кома және травматикалық шок деген диагноз қойды», – делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адамның өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарын алғанын хабарлады.