Павлодарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде

Павлодарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қарқынды көлік қозғалысы байқалатын көшеде бағдаршамға қосымша секциялар орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, Ак. Сәтбаев-Естай көшелері қиылысындағы бағдаршам объектісінде Ак. Сәтбаев көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке жылжу бағыты бойынша – солға бұрылу қосымша секциялар (тіл) орнатылды, сонымен қатар, қозғалыс фазалары қосылды.