Павлодарда үш көлік соқтығысты

Оның бірі – жолаушыларды тасымалдайтын автобус, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырда жүргізуші «Toyota corolla» маркалы көлік құралын басқара отырып, Ак.Сәтбаев көшесімен жүріп келе жатып, қауіпсіз қашықтықты таңдамай, бағдаршамда тұрған «Mitsubishi pajero» көлігімен соқтығысқан. Кейін ол көлік қозғалысын жалғастыра отырып, «Golden DRAGON» маркалы көлік құралына соққы жасады. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізілуде.