Павлодарда үш тәулік бойы іздестірген әженің денесі табылды

Павлодарда үш тәулік бойы іздестірген әженің денесі табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол далада үсіп қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Усолкадағы тұрғын үйлердің бірінен 70 жастағы әйел шығып, жоғалып кеткен болатын. 1 желтоқсаннан бастап оны іздеуге «Vita» еріктілері, полицейлер кірісті. Еріктілер жасағының айтуынша, 4 желтоқсанда әженің денесі Суворов зираты маңынан табылды. 

– Ол әбден үсіп қалды. Оның үстіне бағыт-бағдарсыз еді, – деді еріктілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін зейнеткерді іздеу үшін Усолка ауданын барынша шарлау жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар ілініп, қараусыз қалған орындар тексерілді.