Павлодарда әлемге әйгілі фотосуретшінің көрмесі өтеді

Павлодарда әлемге әйгілі фотосуретшінің көрмесі өтеді
Фото ашық дереккөзден

Шара дүниежүзілік фотосуретшілер күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде дүниежүзілік фотосуретшілер күніне орай «Фотосуретші Е.Ниязов туралы естеліктер» атты шығармашылық шеберхана өтеді.

Едіге Ниязов (1940-2009) - Ресей Фотосуретшілер одағының мүшесі, «Темный фонтан» (Франция) атты фотосуретшілер қоғамының құрметті мүшесі және Ертіс өңірі Дизайнерлер қауымдастығының мүшесі. ВДНХ күміс және қола медаль иегері.  

- Ниязовтың есімі ТМД үздік фотографтарының қатарына кіреді. Оның портреттерде - жеке тұлғаға, пейзаждарда - шындыққа баса назар аударуға бағытталған ерекше және бірегей көзқарасы фотосурет өнерінде жаңашыл бағытты тудырғаны сөзсіз, - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, шара 17 тамыз күні сағат 16:00-де өтеді.