Павлодардан Астанаға жүретін пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырылады

Павлодардан Астанаға жүретін пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл – ауа райының қолайсыздығынан қабылданып жатқан шара, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана – Павлодар және Астана – Щучинск бағыттарындағы тасжолдардың уақытша жабылуы және қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты жолаушылар үшін пойыздарда қосымша орындар қарастырылды.

Көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 10 наурызда жолаушыларды келесі станциялардан отырғызу ұйымдастырылады:

Ерейментау станциясынан Астанаға дейін:

  •  №7501 «Павлодар – Астана».

Курорт Бурабай станциясынан Астанаға дейін:

  •  №6830 «Көкшетау – Астана»; 
  • №6812 «Курорт Бурабай – Астана».

Ұлттық тасымалдаушы пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайында тасымалды қатаң бақылауда ұстайды. Компания азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұзақ қашықтыққа сапарлауды уақытша шектеуге шақырады.