Ленин кентінде жаңа әкімді сайлап жатыр

Ленин кентінде жаңа әкімді сайлап жатыр

Бүгінде үш кандидат тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің хабарлауынша , 20 тамыз күні Ленин кенті әкімінің сайлауы өтеді.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3 кандидат тіркелгенін мәлімдейді.

Кандидаттардың ішінде 61 жастағы Нұрлыбай Нұрпейісов бар. Ол Павлодар қаласының төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімінің басшысы. 

Тіркелген үміткерлер қатарында 55 жастағы Серік Ыбыраев бар.  Ол «Serik» ЖК басшысы. 

Үшінші үміткер 54 жастағы Асхат Омаров. Ол Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасы жеке тұлғаларды әкімшіліендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы.

Сайлау учаскеңізді нақтылауға және сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеруге 32-33-41 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып немесе WhatsApp 8 708 636 03 98 нөміріне хабарлама жіберу арқылы болады.

Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-14.30).