Павлодарда «SARYARQA» көпфункционалды кешенінде өрт шықты

Павлодарда «SARYARQA» көпфункционалды кешенінде өрт шықты
Фото ашық дереккөзден

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін таңертең болған.

- «SARYARQA» көпфункционалды кешенінің екінші қабатындағы бу бөлмесі отқа оранды. Онда ағаш қабырға мен төбе жанды. Жалын жалпы ауданы 16 шаршы метр аумақта шарпыған, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 23 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.

Өрттің себебі анықталуда.