Павлодардағы бас кітапхананың қоры Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кітабымен толықты
Ол - ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жақында баспадан шыққан 10 томдық жинағы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының мәлімдеуінше, жинақта Мәшһүр Жүсіптің өлеңдері, рауаяттары, дастандары топтастырылған.
- Қатардағы адамның көру, есту, сезу мүмкіндіктерімен ғана шектелмей, көп өлшемге иек артатын, әлем әдебиетін өзіндік суреттеу амал-тәсілдерімен толықтыруымен ерекшеленетін бұл кітап - қазақ әдебиетін әлем әдебиеті дамуымен сабақтастықта зерттеп жүрген әдебиет, тіл, философия, педагогика және басқа да ғылым салаларының мамандары үшін баға жетпес материал көзі болады, - делінген хабарламада.
Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, ғылыми түсініктеме беруші - филология ғылымдарының кандидаты Ертай Қуандықұлы Мәшһүр Жүсіп, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Қуандыққызы Жүсіпова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Лаура Қуандыққызы Жүсіпова.
Айта кетелік, кітапханаға құнды жинақты сыйға тартқан Мәшһүр Жүсіп қорының вице президенті Жетпіс Мұстафин.