Павлодардағы ЖЭО-ларда өрт сөндіру жаттығулары өтті

Сценарий бойынша екі станцияда өрт шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№2 және №3 жылу электр орталықтарында жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығулар болып өтті. Өрт сөндіру бөлімдері мен Азаматтық қорғаныс қызметкерлері шартты өртті белгіленген мерзімде жедел жойып, қойылған міндетті сәтті орындады.
– Жаттығу сценарийі бойынша, екі станцияда да өрт шыққан. №2 ЖЭО-да уатқыш цехында қысқа тұйықталу орын алған. №3 ЖЭО-да электр оқшаулағыштың бұзылуына байланысты 4 шаршы метр аумақта өрт тұтанған, – деді «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.
«Оқиға» орнына станциялардың қауіпсіздігіне жауапты жедел қызметтер лезде жетті. Жаттығуға қатысушылар толық әрекеттер циклін пысықтады: өрт ошағын залалсыздандыру, «зақымданғандарды» эвакуациялау және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету.
– Өртке қарсы жаттығулар нақты өрт болған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жабдықтарға келетін зиянды азайтуға бағытталған, – деп атап өтті «Павлодарэнерго» АҚ-ның азаматтық қорғаныс штабының бастығы Шаймұран Шаймарданов.
Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, мұндай шаралар кез келген төтенше жағдайға дайындықты жоғары деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.