Павлодардың үздік жастарын сыйақы күтеді

Байқауға 18-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда «Рухтастар» жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды.
Қатысушылар бақтарын келесі аталымдарда сынай алады:
- 1. Еңбек адамы «Ыстық қайрат»;
- 2. Жыл волонтері «Жылы жүрек»;
- 3. Үздік жас ғалым «Нұрлы ақыл»;
- 4. Жыл батыры «Қайсар»;
- 5. Жылдың әлеуметтік жобасы;
- 6. Жыл белсендісі «Белсенді рухтас»;
- 7. «Жастар рухы» жастар корпусының үздік бөлімшесі;
- 8. «Жастар рухы» жастар корпусының үздік филиалы.
Байқаудың ережелері «Жастар рухы» Telegram-каналында қолжетімді. Өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданады.
Өтінім беру үшін @jastar_ruhy парақшасындағы БИО арқылы jastarruhy.kz ресми сайтына өтіп, Google-форманы толтыру керек.