Павлодарлық құтқарушылар ардагерлерге концерт ұйымдастырып берді

Павлодарлық құтқарушылар ардагерлерге концерт ұйымдастырып берді
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Іс-шара «Ардагер» профилакториясында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ардагерлер кеңесінің көркемөнерпаздар ұжымы мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Ардагер» профилакториясының концерттік бағдарламасымен танысты. Бұл демалыс үйіне өңірдің түкпір-түкпірінен қалалар мен аудандардың аға буынының өкілдері келеді.

Ардагерлер мен офицерлердің орындауында өткен жылдардағы танымал әндер шырқалды. Көрермендер сүйікті әуендерімен ән айтып, би биледі.

Концерт жылы, рухани жағдайда өтті, көрермендер аға ұрпаққа көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.