Павлодарлық әнші туған күнінде тыңдармандарына алғыс айтты
Қазақстандық әнші әрі ән авторы Dose (Айдос Жұмалинов) туған күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Осында қалып, менің әндерімді тыңдағандарыңыз үшін алғыс айтамын», — деп жазды өнер иесі.
Жарияланымға әншінің концерттік қызметінен, дыбыс жазу студиясынан, отбасы мүшелерімен және жеке өмірінен алынған түрлі фотосуреттер енгізілген.
Желі қолданушылары өнер иесін туған күнімен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа әндер мен толайым жетістіктер тіледі.
Dose — қазақстандық әнші, ән авторы және еліміздегі заманауи поп және R&B бағытындағы танымал орындаушылардың бірі. Ол авторлық әндерінің арқасында кеңінен танылып, шығармалары цифрлық музыкалық платформаларда миллиондаған тыңдалым жинады.
Қазіргі уақытта орындаушы жаңа туындыларын ұсынып, концерттік қызметін белсенді түрде жалғастырып келеді.