Павлодарлық аналар перзентханаға барды
Олар Республика күні қарсаңында дүниеге келген балаларды құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы "Аналар кеңесінің" мүшелері облыстық перинаталдық орталығына барып 13 жаңа туған нәрестенің аналарын құттықтап, сәбилерге жылы көрпелер мен аналарға ақ орамал сыйлады.
- Бүгін дүние есігін ашқан періштелерімізге арнайы сыйлық жасап, аналарға ақ орамал жаптық. Бұл - ой тазалығы мен ана болудың басты символы ретінде берілді. Ұрпақтарымыз аман болып, ата аналары аман болсын, - деді «Аналар кеңесінің» төрағасы Бақытжамал Максилова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық перинаталдық орталықта Ассамблея мүшелерінің, «Аналар кеңесінің» қайырымдылық іс-шараларын өткізуі жақсы дәстүрге айналды.