Павлодарлық балаларға трамвайдың тарихын айтып берді
Көліктің ішінде балаларға шағын дискотека ұйымдастырылып, сусындар берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы №1 БЖСМ және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, балаларға Павлодар қаласы бойынша трамваймен экскурсия ұйымдастырды.
– Экскурсия барысында балалар қалада алғашқы трамвайдың қай жерде және қашан пайда болғанын, оның қалай өзгергенін, оның даму болашағы қандай екенін білді. Біздің трамвайды тәжірибелі жүргізуші Станислав Румянцев жүргізді, ал жолнұсқамыз Айсана Жәкеш болды, – дейді ұйымдастырушылар.
Балалар трамвай басқармасының басшысы Муслим Махмұдовке экскурсия үшін алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, бұл ұмытылмас көңілді және қызықты күн болды.