Павлодарлық дәрігерлер қантты шамадан тыс тұтыну қаупін еске салады

Қантты шамадан тыс тұтыну денсаулықтың ауыр зардаптарына, соның ішінде семіздікке, екі типті қант диабетіне және жүрек-қан тамырлары ауруларына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, қалыпты дене салмағының индексі бар ересек адам үшін қауіпсіз тәуліктік қантты тұтыну 25 грамнан (шамамен 6 шай қасық) аспайды.
Тәуекелді азайту үшін дәрігерлер өнімдердің құрамын зерттеп, қант аз немесе мүлдем жоқ өнімдерді таңдауға кеңес береді. Тәтті сусындардан бас тартқан жөн, оларды сумен немесе төмен калориялы баламалармен ауыстырғаны дұрыс.
- Кәмпиттің орнына жеміс-жидек жеген дұрыс. Бірақ жүзім, банан сияқты өте тәтті жемістерді тұтынуды шектеп, шөлді тек таза сумен қандыру керек, – деп кеңес берді облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.
Кетчуп сияқты жасырын қанттары бар зауыттық соустардан аулақ болу керек. Бір қасық кетчупта төрт грамға дейін қант бар. Үйде пісіру кезінде қанттың мөлшерін азайту немесе табиғи алмастырғыштарды қолданған жөн.
Диетада қантты бақылауда қиындықтар туындаса, сарапшылар жеке тамақтану жоспарын жасау үшін дәрігерге немесе диетологқа жүгінуді кеңес береді.