Павлодарлық фотограф Наурыз бояуларын көрсетті

Павлодарлық фотограф Наурыз бояуларын көрсетті
Фото: Айгүл Төлегенова

Нысанада – қазақ халқының көне дәстүрлері мен заманауи әйел эстетикасының көктемгі жаңару кезеңіндегі үйлесімі, деп хабарлайды тілші @Pavlodarnews.kz.

Д. Багаев атындағы үй-мұражайында Айгүл Төлегенованың «Наурыз бояулары» атты фотокөрмесі ашылды. Автор 10 жылдан астам уақыт бойы фотоөнермен айналысып, фото және мобильді түсірілім негіздерін үйретіп келеді. Бұл жоба арқылы ол бала кезімдегі Наурызға қатысты жылы естеліктерді ұлттық эстетикаға деген сүйіспеншілікпен ұштастырғысы келді.

– Алғашында «Киіз үй» деген авторлық жобам болды. Идея төрт жыл бұрын пайда болып, әріптестерім мен клиенттерімнің қолдауына ие болды. Соңғы жылдары этностильдегі отбасылық фотосессиялар танымалдыққа ие. Клиенттеріме бұл ұнады, олар қуана қатысты. Жобаға қазақ халқының мәдениетіне қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері де қатысып, осылайша Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді, – дейді Айгүл.

Көрмеде 50 фотожұмыс ұсынылған, бұл – автордың бай коллекциясының аз ғана бөлігі. Айгүлдің айтуынша, ол «ең сүйікті» жұмысын атай алмайды, себебі әр сурет өзінше ерекше, әрқайсысы өз тарихы мен көңіл күйін сақтайды. 

– Еңбегіме жанымды салуға тырысамын. Әр кадрда табиғи жарық пен жылы реңктер бар. Павлодарлықтардың этнофотографияға қызығушылығы артып келеді. Мысалы, қыздар күнделікті өмірде ұлттық әшекейлердің элементтерін жиі қолдана бастады. Маған, тіпті, бұрын Павлодарда тұрған шетелдіктер де келді. Олар да осындай суреттерді естелік ретінде сақтап қалғысы келді, – дейді фотограф.

Айгүл Төлегенованың жұмыстары Қазақстан, Ресей және Францияда көрмеге қойылған. Қазір оған Павлодардың сауда үйлерінен жеке көрме ұйымдастыру туралы ұсыныстар түсіп жатыр.