Павлодарлық көшеде автокөлік капотынан түтін шықты

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев даңғылы мен Лермонтов көшесінің қиылысында автокөлігінің жануы туралы хабарлама сағат 12:48-де түсті.
Оқиға орнына дереу шыққан өрт сөндірушілер «Волга» маркалы автомашинасында бір шаршы метр алаңда капот астындағы резеңке-техникалық бұйымдардың өртенуін жедел түрде жойды.
Өрттің себебі анықталуда.