Павлодарлық кардиологтар ашық жүрекке қанша сәтті ота жасады?

Павлодарлық кардиологтар ашық жүрекке қанша сәтті ота жасады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақ халаттылар жұмысының нәтижелері бойынша жыл қорытындысын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Статистиканың әсерлі көрсеткіштері өңірдегі жетекші медициналық мекеменің беделін нығайта түсуде. Облыстық кардиоорталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жыл маңызды жетістіктер мен елеулі оқиғаларға толы болды.

Орталықта алты мыңнан астам науқас емделді, ашық жүрекке 700-ден астам ота жасалды, 2000-нан аса интервенциялық операция, 2000-нан астам интервенциялық зерттеу, шамамен 80 нейрохирургиялық араласу және 400-ге жуық тамырлық операция жүргізілді. 900-ден астам пациент қалпына келтіру емі мен оңалтудан өтті.

Сондай-ақ кардиологтар тар бейінді мамандардың 25 мыңнан астам кеңесін өткізіп, 36 мыңнан аса тексеру жүргізді.

– Бұл көрсеткіштер пациенттеріміздің бізге деген жоғары сенімін айғақтайды. Қол жеткізілген жетістіктер кадрлардың жоғары деңгейде дайындалуының, заманауи жабдықтар мен инновациялық емдеу әдістерінің нәтижесінде мүмкін болды. Біз медициналық тәжірибенің білім беру бағытын белсенді түрде дамытып келеміз. Өткен жылы орталық қызметкерлері үшін жеті шеберлік сабағы өткізілді, ал дәрігерлеріміз Семей қаласында өткен алты іс-шараға қатысып, әріптестерімен өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, – деп хабарлады кардиоорталықта.

Медициналық мекемеде мамандардың консультацияларымен ашық есік күндері тұрақты түрде өткізіліп тұрды.