Павлодарлық партия мүшелері заңнамалық бастамаларды қолдайды
Халық партиясының өкілдері мықты парламентті қолдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық құрылтай жиынында айтылған ойларға қатысты өз пікірін Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Әлімбек Агибаев білдірді.
– Біз 2022 жылғы сайлауалды бағдарламамызда да, қазір де бір палаталы, көппартиялы, қоғамға есеп беретін және мемлекет игілігі үшін жұмыс істейтін мықты парламентті қолдап келеміз, – деп атап өтті партия мүшесі. – Басқа да маңызды оқиғалармен қатар, мен салық реформасын ерекше атап өткім келеді. Президент халықтың, бизнестің, салық төлеушілердің тілегін көріп, сезініп отыр және салық реформасы икемді болып, бизнес пен қоғам тарапынан айтылған рационалды, негізделген ұсыныстарға құлақ асуы үшін айқын белгі беріп отыр.
Сонымен қатар Халық партиясының өкілі облысымыз үшін маңызды оқиға – болашақта салынатын Екібастұз 3-МАЭС құрылысына қолдау білдірді. Атом электр станцияларының салынуын күтпей-ақ энергетикалық қуаттарды арттыру туралы шешім өндірістік кластерді құру жөніндегі ауқымды міндеттерге қол жеткізу үшін қажет.