Павлодарлық полицей он күн бұзау мен сиырын іздеген ауыл тұрғынына көмек етті

Павлодарлық полицей он күн бұзау мен сиырын іздеген ауыл тұрғынына көмек етті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мал түнде қоршауды бұзып, бір аптадан астам кейін Ертіс өзенінің жайылмасынан табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасына Павлодар ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қуаныш Алиновтың атына алғыс сөздерімен хабарлама келіп түсті. Набережное ауылының  тұрғыны жоғалған үй жануарларын тауып, оған қайтарған учаскелік инспекторға алғысын білдірді. 

– Жоғалған бұзаулы сиырымды табуға көмектескені үшін учаскелік инспектор Қуаныш Алиновқа көп рахмет айтамын. Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, амандық, бақыт және қиын жұмысыңызда сәттілік тілеймін!– деп жазды Марина Бочкарева. 

Учаскелік инспектор Қуаныш Алинов жергілікті тұрғындардан Марина Бочкареваның жоғалған бұзауы бар сиырын  табалмай жүргенін естіді. Содан кейін полиция қызметкері ауыл тұрғынына қоңырау шалды. Белгілі болғандай, мал түнде қоршауды бұзып, кетіп қалған. Малды өз бетінше іздеу оң нәтиже бермеді. Бұл ретте әйел жануарлардың жоғалғаны туралы учаскелік полиция қызметкеріне хабарлаған жоқ және көмек те сұрамаған. Полиция қызметкері барлық мәліметтерді, үй жануарларының төлқұжатын білгеннен кейін дереу іздеуді ұйымдастырды. Кәсіпқойлық пен жауаптылықтың арқасында оныншы күні жануарлар Ертіс өзенінің жайылмасынан табылды. 

Полиция капитаны Қуаныш Алинов ішкі істер органдарында 2005 жылдың сәуір айынан, ал Павлодар ауданының полиция бөлімінде 2011 жылдан бастап қызмет етеді.