Павлодарлық шеберлер ұлттық деңгейдегі этнорекорд орнатты
Бес метрлік Қыдыр ата инсталляциясы Павлодарда бұрын орнатылған төрт метрлік Ұмай ана инсталляциясының жетістігінен асып түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.


Павлодарлық шеберлердің бұл жұмысы тек ұлттық жетістік қана емес, сонымен қатар этникалық мифологиялық инсталляциялар санатында әлемдік рекорд болып есептелуі мүмкін.

Азия мен Африка елдері бойынша Әлемдік рекордтар кітабының тіркеу қызметінің бас офицері Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, рекордтардың ерекше санаты бар. Бұл жағдайда — этникалық бейненің құрылым түріндегі көрінісі. Лазерлік өлшеу нәтижесінде инсталляцияның биіктігі 5 метр 58,5 сантиметр болған.

– Мұны этникалық мифологиялық бейнелер инсталляциялары арасындағы Қазақстан рекорды ғана емес, әлемдік рекорд деп те айтуға болады, – деп атап өтті ол.

Осылайша, шеберлер Павлодар қолөнершілердің орталығы екенін тағы да дәлелдеді. Әрі өткен жылғы өз жетістігінен асып түсіп, этномәдени инсталляциялар жасауда жаңа белеске көтерілді.