Павлодарлық шоумен қырғыз жұлдызымен бір сахнада ән шырқайды

«Ирина Кайратовна» jinalike.Fest фестиваліне шақыру алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылар Орталық Азияның үздік әртістерін Бішкекке жинамақ ниетте. Осындай ауқымды шараға павлодарлық Алдияр Жапарханов бастаған «Ирина Кайратовна» тобының хедлайнер атануы қуантады. Sadraddin, Shiza, Hiro, Malika Dina және тағы басқалар Қырғызстан астанасында өнер көрсетеді. jinalike.Fest 2025 жылдың 22 маусымында өтеді.
Фестиваль сахнасында туған жерінде ғана емес, шетелге де танымал өнерпаз Мирбек Атабеков те ән шырқайды. Биыл әнші шығармашылығына 20 жыл толады. Оның «Күндөр жанырат», «Ата мекеним», «Асыл жаным» сияқты танымал хиттері бар. Мирбек Атабековтің әндерін көптеген қазақстандық орындаушылар каверлады.
«Ирина Кайратовна» 2017 жылы танымал болды, солисттер Instagram желісінде өздерін «Ирина Кайратовна шоуы» деп атаған вайн мен скетчтер жасаған. Кейін YouTube-ке көшті. Топ мүшелерінің айтуынша, олар скетчтерден музыкаға тиімдірек болғаннан соң көшкен. Бірінші жылы олардың бейнелері миллиондаған қаралымға ие болды. 2018 жылы топ өзінің алғашқы жеті сандық гонорарын алды.